Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қазақстандағы ең қуатты майды экстракциялау зауытының құрылысымен танысты. Петропавлда жүзеге асып жатқан жобаға 23 млрд теңге инвестиция тартылды. "МаслоДел" компаниясы келесі жылы өндірісті іске қосуды жоспарлап отыр. 200 аса жаңа жұмыс орны ашылады.
"Зауыт жоғары сапаға бағытталған. Ол үшін Бельгия, Германия және Түркия елдерінің ең заманауи қондырғыларын орнатуда. Жаңа кәсіпорын жылына 370 мың тонна күнбағыс, рапс және зығырды өңдемек. Сондай-ақ жмых пен шрот алынады", — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.