Петропавлда реновация бағдарламасы бойынша 6 апатты көпқабатты үй сүріледі

Петропавлда реновация бағдарламасы бойынша 6 апатты көпқабатты үй сүріледі

Өңірде «Жаңа қала» атты реновация бағдарламасы жүзеге асуда. Осы жобаның арқасында ескі және тозығы жеткен тұрғын үйлер сүріледі, баспана қоры жаңарады, қалалықтардың үй жағдайы жақсарып,  коммерциялық үйлердің құрылысы көбейеді.

"Бұл бағдарламаның аясында облыс орталығында 3 көпқабатты үй салынуда, 3 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл апатты жағдайдағы 6 көпқабатты үй сүріледі. Реновация бағдарламасына қатысу үшін жеке құрылыс компанияларын көбірек тарту қажет", — деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.