СҚО басшысы ауыл әкiмдерiн жұмыссыз қалдырды

СҚО басшысы ауыл әкiмдерiн жұмыссыз қалдырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Қызылжар ауданында жұмыс бабымен болып, құрылыс нысандарына барды.

Биыл Бескөлде 40 көшеде жолдар жөнделедi. 800 млн. тг. бөлiндi. 40 көшенi жарықтандыруға 60 млн. тг. бөлiндi. Жаңартылған қазандыққа 18 көпқабатты үй қосылды. Жылыту маусымына дейiн тағы 32 үй қосылады.

Якорь селосында былтыр мектеп жөнделдi. Биыл су тартылып, көшелердегi жолдар жөнделедi. Балабақша ашылады.Асаново ауылында да жолдар қалыпқа келтiрiлiп, мектеп жөнделедi.

«Бiз қазiр болашағы бар ауылдарда кешендi жөндеу жүргiзiп жатырмыз. Бiр жылда мектеп, амбулатория, жолдар мен су желiлерi жөнделуде. Жүйелi мәселелер шешiмiн табуда. Округ әкiмдерi жұмыссыз қалды деуге болады», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.