96 жасына қараған шағында соғыс ардагері Иван Трофимович Клименко өмірден озды. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ардагердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Иван Трофимович 17 жасында майданға аттанып, Шығыс Пруссия мен Қиыр шығыста болды. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, түрлі медалдармен марапатталған. Елге оралған соң Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласындағы нысандардың құрылысына атсалысты. Тек 78 жасында құрметті демалысқа шықты. Биыл Мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсіміне ардагеріміздің өзі қатысып еді.
"Иван Трофимович – өз заманының қаһарманы, еліміздің тарихындағы қиын кезеңнен сүрінбей өткен азамат. Оның өмірі мен еңбек жолы өскелең ұрпаққа жарқын үлгі. Біз ардагерлеріміздің ерліктерін әрдайым есте сақтауымыз керек. Иван Трофимовичтың жарқын бейнесі мәңгі жадымызда", — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.