
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы құрылыс нысандарына қайта бақылау жүргізді. Аймақ басшысы жаңа көпқабатты үйлерді абаттандыру мен емханалар құрылысы бойынша жұмыстардың аяқталуын тексерді.
Сондай-ақ, СҚО әкімі «Alageum» ЖШС-нің өз қызметкерлеріне салған жаңа тұрғын үйінде болды. Сонымен қатар, Ғауез Нұрмұхамбетов Потанин және Театральная көшелеріндегі жолдарды жөндеуді жеделдетуді тапсырды.