Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдерге марапаттарды табыс етті. Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алған Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айжан Қапезоваға да құрмет көрсетілді.
«Мұғалім болу оңай емес, қоғам үшін аса маңызды мамандық. Балаларға білім мен ғылым әлемінің есігін ашып, тәлімгер әрі дос болатын тұлға ол – ұстаз. Оқушыға тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарыту жолында мұғалімнің еңбегі орасан. Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Сіздерді сыйлайтын, еліне адал қызмет ететін шәкірттеріңіз көп болсын. Білім сапасын жаңа деңгейге шығару жолында сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. Мереке құтты болсын!», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.