
«Солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко жекелей сында Азия ойындарының чемпионы атанып, еліміздің қоржынына бесінші алтынды әкелді. Айта кету керек, біздің Алексей Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. Алда топтық жарыс бар, спортшымызға жеңіс тілеймін!», — деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.