Петропавлда 18 қабатты үй, театр, мектеп және емхана салынуда

Петропавлда 18 қабатты үй, театр, мектеп және емхана салынуда

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдағы құрылыс алаңдарында болып, абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Қазiр облыс орталығында 18 қабатты үйдiң құрылысы аяқталуда. Бұл баспана мемлекеттiк бағдарлама бойынша берiлетiн болады. Өңiр басшысы жаңа театрдың құрылысымен де танысты. Театр сәулеттi болмақ. Халықаралық фестивальдердi өткiзу жоспарланған. Петропавлда жаңа емхананың да құрылысы басталмақ. Облыс әкiмi Уәлиханов көшесiндегi жаңа мектепке де бас сұқты. Бұл жерде ескi үйлер сүрiлiп, жаңа баспана тұрғызылады.

«Бiз 3 жылда 1 мыңға жуық үйдi сүрдiк. Олар жаңа баспана алды. Бiзге бұл бағыт бойынша жаңа бағдарлама керек. Бiрнеше жылға жоспар анықталады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Береке ықшам ауданында жаңа саябақ салынады. Крепостная көшесi Жамбыл көшесi мен Береке ықшам ауданында жалғастырып, қаланың орталығын көлiктерден арылтпақ.