СҚО әкiмi мердiгерлерге жөндеудi уақтылы аяқтауды тапсырды

СҚО әкiмi мердiгерлерге жөндеудi уақтылы аяқтауды тапсырды

Биыл облыста 377 әлеуметтiк маңызы бар нысан жөнделмек. Облыс әкiмi нысандарды жөндейтiн мердiгерлерге бiрнеше талап қойды.

«Мердiгерлер жөндеудi уақытында аяқтауы тиiс. Апта сайын тексеремiз. Егер кешiгетiн болса, келiсiм бұзылады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Оған қоса, мердiгерлер жұмыссыздарды Еңбекпен қамту орталығы арқылы алуы керек. Жалпы жұмыстарға 6,5 мың адам тартылмақ.