СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Жеңiс күнiнiң қарсаңында соғыс ардагерлерi Қожатай Некiбаев пен Иван Клименконың шаңырағында болды. Өңiр басшысы ардагерлерге Президенттiң құттықтауын табыс еттi.
«Бiзге бейбiт күн сыйлаған батырларымызға алғысымыз шексiз. Сiздер жастарға нағыз үлгi болатын тұлғасыздар. Ардагерлерiмiз арамызда аман-есен жүре берсiн», — дедi Құмар Ақсақалов.