Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылы қарсаңында Тайынша қаласы мен Вишневка ауылында заманауи үлгідегі екі мектеп пайдалануға берілді. СҚО әкімі Айдарбек Сапаров жаңа білім нысандарын аралап, ұстаздар қауымымен кездесті.
«Мектептерде барлық жағдай жасалған. Сол себепті, ұстаздар жаңа мектептерде білім сапасын үнемі жақсартып, еліміздің лайықты болашақ азаматтарын тәрбиелеуі қажет», — деп атап өтті облыс әкімі.
Тайынша қаласында заманауи мектеп 600 орынға шақталған. Ескі ғимарат апатты жағдайда болды, құрылыс кезінде балалар уақытша бейімделген нысанда оқуға мәжбүр болды. Енді аудан орталығының балалары кең әрі жайлы мектепке барады.
Айта кетерлігі, бұл мектеп білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен.
Сондай-ақ бүгін Вишневка ауылының тұрғындары үшін көптен күткен оқиға. Ауылдағы жаңа мектептің құрылысы аяқталды. Ескі ғимарат апатты жағдайда еді. Жаңа мектепте ауыл балалары мен ұстаздарға барынша жағдай жасалған.
Жаңа білім ошақтарының ашылуы облыстағы апатты мектептердің санын қысқаруға мүмкіндік берді. Бұл жұмыс жалғасын табады. Драгомировка ауылында апатты мектептің орнына жаңа ғимарат тұрғызылады. Петропавлда 3.7 мың орындық 7 мектеп салынады. Оның ішінде 4 мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жүзеге асады.
Облыс орталығында арнайы мектеп-интернат тұрғызылуда. Петропавлда 420 орындық екі балабақша салу жоспарлануда.
«Бұл кешенді жұмыс білім сапасын жаңа деңгейге шығарып, солтүстікқазақстандық балалардың потенциалын ашады», — деді өңір басшысы.