Конституция күні аталып өтілді

Конституция күні аталып өтілді

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Барша қауымды мерекемен облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады.

«Біз, ерте заманнан ата заңына бағына білген, құрметтей білген елдің ұрпағымыз. Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңымыз – Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ата заңымыз – еліміздің бүкіл құқықтық жүйесінің тірегі» — деп, айтқан болатын. Болашақта да, Конституциямыз мемлекетіміздің саяси, экономикалық және құқықтық тұрғыдан табысты дамуының айнымас кепілі боларына сенімдімін», — деді өңір басшысы.

Атаулы күні бірқатар солтүстікқазақстандықтар марапаттарға, «Алтын алқа» мен «Күміс алқаға» ие болды. Жиналғандарға мерекелік концерт ұсынылды.