Тимирязев ауданына 60 жыл

Тимирязев ауданына 60 жыл

Тимирязев ауданының 60 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Аудан тұрғындарын және қонақтарды мерейтоймен облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады. Өңір басшысы бірқатар аудан тұрғындары құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыс етті.

Мерейтойға орай аудан ауылдарын дамыту бағытында кешенді шаралар атқарылуда. Стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Степное және Ақсуат ауылдарында мәдени-демалыс орталықтарының құрылысы басталды. Комсомольское және Москворецкое ауылдарындағы мектептер жаңарды. Докучаево ауылындағы елді мекенішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталығының 6 көшесіне асфальт төселіп, алаңы жөнделіп, балалар ойын алаңы орнатылуда.

Ишимское-Ақсуат жолын, Хмельницкий, Сулы ауылдарына кіреберіс жөнделуде.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында орталық мәдениет және демалыс саябағы жасалды.