Тамыз кеңесі

Тамыз кеңесі

Петропавлда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Оның жұмысына облыс әкім Айдарбек Сапаров, педагогтер қауымы, білім саласының мамандары қатысты.

Өңірде білім сапасын жаңа деңгейге шығару бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Бұл жаңа мектептер салу, күрделі жөндеу жүргізу, заманауи оқу кабинеттерімен қамтамасыз ету, материалдық базаны жаңарту болып табылады.

«Жаңа оқу жылына мектептер жақсы дайындықпен келіп отыр. Ендігі міндет – балаларға сапалы білім беру. Мемлекет білім ошақтарын қолдау бойынша жұмысты одан әрі жалғастыра береді», — деп атап өтті облыс әкімі.