
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «2023 жылғы 27 тамызға белгіленген аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер әкімдерін сайлауға дайындық» тақырыбында кеңес өтіп, шараға аудандық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты. Жиында сайлау учаскелерінің дайындығы мен дауыс беруге арналған бюллетендерді учаскелерге жеткізу жайы талқыланды.