Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның отырысы

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның отырысы

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен 2023-2024 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын жоғары оқу орындары анықталды.

Алдағы оқу жылына еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, жергілікті бюджеттен 68 грант бөлінді. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласы бойынша резидентураға 50 грант бөлінді. Тағы 18 грант педагогика, өнер және қызмет көрсету салаларына бағытталды.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі білім басқармасына экономикаға қажетті мамандықтарға сұранысты сараптап, алдағы оқу жылына грант бөлу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды.