Аппараттық кеңесте жылыту маусымына дайындық және жерді ұтымды пайдалану, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін алып қою және заңнама талаптарын бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелері талқыланды.
Аймақ басшысы Айдарбек Сапаров тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына аудандар мен Петропавл қаласының әкімдерімен бірлесіп, 1-ші қыркүйекке дейін жылыту маусымына әлеуметтік нысандар мен бюджеттік ұйымдардың дайындықтарын аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ 15-шы қыркүйекке дейін жылумен қамту көздері мен орталық қазандықтар дайын болу қажет.