СҚО 28-ші сәуірден карантин режимін жеңілдетеді

СҚО 28-ші сәуірден карантин режимін жеңілдетеді

СҚО әкімі мәлімдемесінің мәтіні:

Құрметті жерлестер!

Бүгін Президент еліміздегі Төтенше жағдай мерзімін 11-ші мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Вирустың таралуына тосқауыл қойған облыстар карантин режимін жеңілдете алады. Экономика да жұмыс істеу керек.

Осыған орай, 28-ші сәуірден бастап біз карантин режимін жеңілдете бастаймыз.

Айта кетейін, облыста 131 мың қызметкері бар 5 мың 500 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Шағын және орта бизнес қана уақытша қызметін тоқтатты.

Сондықтан, Президенттің тапсырмасына сай, бірінші кезеңде жөндеу және құрылысқа тартылатын кәсіпорындар ашылады.

Жол жөндейтін және жүк тасымалдаушы компаниялар, асфальт зауыттары өз қызметіне кіріседі.

Аймақтағы үлкен құрылыс компаниялары жұмысын тоқтатқан емес. Енді шағын құрылыс компаниялары да ашылады.

Бірінші кезеңде барлығы 45 мың адам жұмысқа шығады.

Осы аптада облыста жөндеу жұмыстары басталады. 377 әлеуметтік маңызы бар нысан қамтылмақ. Бұл жұмысқа 6,5 мың адам тартылады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары кәсіпкерлер үшін жұмыс істей бастайды. Тұрғындар қызметтерді әлі онлайн түрде ала береді.

Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттердің жұмысын да өзгертеміз. Олар таңғы сегізден кешкі жетіге дейін ашық болады.

Оған қоса, 28-ші сәуірден бастап саяжайға баруға рұхсат беріледі. Бірақ, шектеулер бар. Таңғы 5-тен 8-ге дейін арнайы автобус рейстерімен саяжайға баруға болады. Жеке көлікпен таңғы бестен жетіге дейін жете аласыз. Күндіз саяжайға баруға тыйым салынады.

Жеке көлікпен кешкі бес пен жеті аралығында үйге жету керек. Кешкі бестен сегізге дейін автобуспен үйге оралуға мүмкіндік беріледі.

Ауруханаға жоспарлы түрде жатқызуды және кеңестік-диагностикалық көмек көрсетуді қайта бастаймыз.

Оған қоса, адвокат кеңселері, автожуу, шиномонтаж, техникалық қызмет көрсету станциялары, химиялық тазарту, техника жөндеу нүктелері қайта ашылады. Айта кету керек, тұрғындар өз ауданында орналасқан нысандарда ғана бару қажет.

Біз шектеулерді экономиканың дамуы үшін жұмсартып отырмыз. Тұрғындар қатаң тәртіпке бағыну қажет. Қауіп әлі де бар. Адамдардың жауапкершілігіне үміттенеміз.

Елімізде табысынан айырылған жұмысшылар мемлекеттің қолдауына ие болуда. Облыста 94 мың адам 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алды.

Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтар да қолдауға ие болуда. «Біз біргеміз» қорынан 50 мың теңгені 11 мың адам алады.

7 санат бойынша азаматтарға коммуналдық төлемді екі ай бойы мемлекет төлейді. Алушының есептік шотына 15 мың теңге түседі. Мұндай көмекті облыста 37 мың адам алады, олар 1 миллиард теңгеге жуық ақша үнемдейді. Оған қоса, монополистер сәуірден барлық тұрғындарға тарифтерді 10 процентке дейін түсірді.

Құрметті жерлестер!

Біз міне 25 күн карантин режимінде өмір сүріп жатырмыз. Әрине оңай емес. Алайда, бұл уақытша қиындықтар. Шыдамды болған өңір тұрғындарына алғысымды білдіремін. Сіздерден уақытша қиындықтар үшін кешірім сұраймын. Барлық шектеулер адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.