Бұл жайында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов отырыста мәлiмдедi.
Былтыр Бескөлде 450 адам жылуға қосылды. Саумалкөлде жылу желiлерi және қазандық салынуда. Бұл мақсатқа бөлiнген қаржы 5 есе өсiп, 600 млн. тг. жеттi.
«Барлығы 2600 адам оң өзгерiстердi сезiнбек. 8 аудандағы 53 екiқабатты үйлердi жылуға қосамыз. 105 биоқазандық қойылды. Бюджет 220 млн. теңге үнемдедi. Биыл тағы 19 орнатылады», — дедi Құмар Ақсақалов.