Мамлютка қаласының жолдарын жөндеуге 500 млн. тг бөлiндi

Мамлютка қаласының жолдарын жөндеуге 500 млн. тг бөлiндi

Бұл жайында Мамлют ауданына жұмыс сапарымен барған өңiр басшысы Құмар Ақсақалов мәлiмдедi.

Биыл облыста жолдарды жөндеуге 39 млрд. тг бөлiндi. Мамлют ауданында да жолдарды жаңартуға бiршама қаржы бөлiндi.

«Облыста елдi-мекендердiң iшкi көшелерiн жөндеуге биыл 4,5 млрд. тг бөлiндi. Оның iшiнде Мамлютка қаласының көшелерiн жөндеуге 500 млн. тг бөлiнiп отыр. Биыл өңiрде 100 мектеп жөнделедi. Оның iшiнде 6 мектеп Мамлют ауданының үлесiнде. Ауданға 348 млн. тг бөлiндi. Былтыр бұл ауданда 3 мектеп жөнделген едi», — дедi Құмар Ақсақалов.