СҚО әкімі Ұлттық медициналық орталықтың басшысымен кездесті

СҚО әкімі Ұлттық медициналық орталықтың басшысымен кездесті

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров «Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың» басқарма төрағасы Абай Байгенжинмен кездесті.

Абай Қабатайұлы – СҚО тумасы, медицина ғылымының докторы, жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау саласының көрнекті ғалымы. Қазір оның басшылығымен Ұлттық ғылыми медициналық орталық денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті бағыттарды дамытып келеді.

Енді республикалық орталықтың озық технологиялары өңірімізде де қолданылатын болады. Өңір басшысы ұлттық орталыққа жан-жақты қолдау көрсетіледі деді.