СҚО әкімі мектептерді дайындау жұмыстарын күшейтуді тапсырды

СҚО әкімі мектептерді дайындау жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров облыс орталығындағы мектептерді аралады. Облыс әкімі білім беру нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын, мектептердің жай-күйі мен абаттандыру жұмыстарын тексерді. Аймақ басшысы мердігерлерге жөндеу жұмыстарын күшейтіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ мектептердің аумағын абаттандыруға, спорттық алаңдарды орнатуға да көңіл бөлу қажет. Айдарбек Сапаров облыс бойынша мектептердің дайындығын тексеру үшін комиссиялар құруды тапсырды. Барлық жұмыстар 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.