Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Петропавл қаласының базарлары мен супермаркеттерінде болып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын және жергілікті өнімдердің қолжетімділігін тексерді.
Аймақ басшысы азық-түлік бағасын күнделікті бақылауға алып, сауда орындарын жергілікті өніммен қанықтыру мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорының нүктелерінде барынша көп тұрғындар тауарды тиімді бағамен сатып алуы үшін сатушылардың санын көбейту қажет.