Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Айдарбек Сапаров «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Райымбек Баталовпен кездесті. Тараптар өңірдегі кәсіпкерлікті дамытудың келешегін талқылады.
Солтүстік Қазақстан облысында бизнес-навигаторды, яғни кәсіпкерліктің экономикалық картасын және инвестициялық жобалардың арнайы тізілімін енгізу тақырыбы қозғалды. Карта аймақ туралы толық ақпаратты көрсетеді, сонымен қатар бизнес үшін перспективаны анықтауға мүмкіндік береді.