
Петропавл қаласында СҚО аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 27 тамызға белгіленген ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізуге арналған семинар-кеңес өтті.
Бұл шараға өңірдегі аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты. Жиында сайлау кампаниясын өткізу барысындағы құқықтық және ұйымдастыру сұрақтары, дауыс беру процессіне қатысушыларды оқыту, сондай-ақ ақпараттық сүйемелдеу мәселелері қаралды.