Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Петропавл ауыр машина жасау зауытының жұмысымен танысты.
Зауыт мұнай-газ компаниялары үшін жүк көтеру техникасын шығарумен айналысады. Биыл «Қазмұнайгаз» АҚ еншілес компаниялары үшін 20 қондырғыны жеткізуге келісім-шарттар жасалды. Жыл соңына дейін тағы 12 бірлік жабдықты жеткізуге қосымша келісім-шарт жасау жоспарлануда.
СҚО әкімі кәсіпорын жұмысын тұрақтандыруға жергілікті билік тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.