Солтүстікте «Pro Молоко. Тренды 23» форумы және «QazaqSut» көрмесі өтті. Оның жұмысына шетелдік және отандық 600 делегат қатысты. Қатысушылардың алдында сөз сөйлеген облыс әкімі бұл форумның солтүстікте өтуінің мәнін түсіндірді.
«Солтүстік Қазақстан облысында сүт фермаларын салу бойынша ауқымды пилоттық жоба жүзеге асуда. Тек биылдың өзінде 17 сүт кешені салынуда. Бұл заманауи фермалар. Сәтті жоба қазір республика көлемінде жүзеге аса бастады. Сол себепті, сүт фермаларын салу, өнімділікті өсіру бойынша жақсы пікір алмасу болады деген сенімдемін», — деді өңір басшысы.