Чистовское ауылының тұрғындарымен кездесу

Чистовское ауылының тұрғындарымен кездесу

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Мағжан Жұмабаев ауданы Чистовское ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерді көтерді.

Ауылдың орталық көшесін асфальттау, дәрігерлік амбулатория шатырын жөндеу және балалар алаңын орнатуға бюджеттен қаржы қарастырылады.

Өз кезегінде «Чистовский» ЖШС ұзақ жылдар бойы шаруашылықтың теңгерімінде тұрған ауыл клубын күрделі жөндеуден өткізбек. Серіктестік сонымен қатар тарату желілерін таза суға арналған резервуар мен мұнараға қосады. Сонымен қатар, көшеге жарықтандыру орнатылады.

Өңір басшысы Ганкино ауылына кіреберіс жолдың жөндеу жұмыстарымен танысып, «Березка» балалар сауықтыру лагерінде болды. Облыс әкімі жазғы лагерьлерді жаңартып, балаларға барлық жағдай жасау бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу қажеттігін атап өтті.