
2023 жылғы 28 маусымда сағат 15:10-де С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапхана ғимаратында (Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 25) Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтетінін хабарлаймыз.
Азаматтарды белсенді қатысып, Қазақстан Республикасының Энергетика министріне жеке сұрақтар қоюға шақырамыз.
Сұрақтар a.tazabekova@energo.gov.kz поштаcына және +7 (775) 994 1777 телефон (WhatsApp) нөмірі арқылы қабылданады.