Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі 5 айдың қорытындысы туралы айтты

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі 5 айдың қорытындысы туралы айтты

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров ОКҚ алаңында облыстың 5 айдағы даму қорытындылары туралы есеп берді.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 5 айда 101 млрд теңгені құрады, өсім 103,6%. Дақылдар аумағы 90 мың.га ұлғайып, 4,5 млн.га жетті. Қарақұмық алқабы 3 есе, картоп, сәбіз және қырыққабат 2 есе өсті.

17 сүт фермасының құрылысы басталды, оның 9-ы жыл соңына дейін іске қосылады. Агроөнеркәсіп кешенінде барлығы 77,5 млрд теңгенің 31 жобасы іске асуда. Бұл құс фабрикалары, қой фермалары, көкөніс қоймасы, жылыжайлар, суару және майды экстракциялау зауыты.

Өңдеу өнеркәсібінде 2023-2026 жылдары 35 жоба пулы жасақталды. Биыл 60 млрд теңгеге 15 жоба іске қосылады, 800 жұмыс орнын ашылады.

«Ксерион» тракторы, «Хорш» егіс кешендері сияқты ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру желісі кеңейіп келеді.

Болашақта «Аксион» тракторлары және «Рейман» тіркемелері шығарылмақ. Сондай-ақ, жеңіл болаттан жасалған жұқа қабырғалы конструкциялар мен ламинатталған ДСП сияқты жаңа жобалар іске асуда. Жалпы облысқа 496 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

Облыста 36 көпқабатты тұрғын үй салынуда, оның ішінде 16 коммерциялық. Жыл соңына дейін 3 мыңнан астам отбасы пәтер кілтін алады. Оның ішінде 702 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінеді.

Петропавлда жол жөндеу сомасы 12 есеге ұлғайтылды, 25 көше жөнделеді. Жыл соңына дейін облыста 705 шақырым жол ретке келтірілмек.

Сумен қамтуға 18 млрд теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 18 мың адам тұратын 31 ауылға су тартылады.

Серіктестік құрылтайшылары ЖЭО-2 қазандықтарын жөндеуге, жаңа құбыр тартуға, жылу және электр желілерін жаңартуға бөлінген қаржыны 6 миллиард теңгеден 12 миллиард теңгеге дейін ұлғайтты.

Білім беру саласында 4,3 млрд теңгеге 49 білім нысаны күрделі жөндеуден өтеді. 2,8 млрд теңгеге мектептердің материалдық базасы жаңартылады. Жаңа оқу жылында бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады. Мектептерді мамандандырылған күзетпен қамту үшін 540 млн.тг бөлінді.

2025 жылға дейін облыста 7 мектеп, 2 балабақша, 46 медициналық нысан салынады. Күзде облыс орталығында 2 емхана ашылады. Кішкенекөл ауылында жаңа емхананың құрылысы басталды. Медициналық құрал-жабдықтарды жаңартуға 5,5 млрд теңге бөлінді.

Өңірге сұранысы жоғары мамандарды тарту үшін көтерме арқы көлемі екі есе өсіп, 5 миллион теңгеге дейін жетті.