Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Облыстық әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында ауылдар мен елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері, бизнеске арналған жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылымды тарту бойынша жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері және полиция департаментінің жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар туралы айтылды.

Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, онда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жолдардағы апаттар деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мәселесі талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі Айдарбек Сапаров тиісті ведомстволарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.