СҚО әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі республикалық конкурста бірінші орын алды

СҚО әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі республикалық конкурста бірінші орын алды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «Үздік Әдеп жөніндегі уәкілді» анықтау мақсатында республикалық конкурстық комиссия отырысы өтті.

Өңірлер арасында «Жергілікті атқарушы органның үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» номинациясында бірінші орынды СҚО әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Сейілхан Серікбаев иеленді.

«Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» конкурсы 2018 жылдан бастау алады. Конкурс «Орталық мемлекеттік органның үздік Әдеп жөніндегі уәкілі», «Жергілікті атқарушы органның үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» атты 2 номинациядан тұрады. Қатысушылар конкурстық комиссияның қарауына мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру және әдеп жөніндегі уәкіл институтын одан әрі жетілдіру мәселелеріне арналған эссе мен жоба презентациясын ұсынады.

Әрбір үміткер бойынша шешім конкурстық комиссия мүшелері қойған балдарды есептеу жолымен қабылданады.

Комиссия мүшелері ретінде конкурсқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Агенттік және Мемлекеттік басқару академия, БАҚ өкілдері, мемлекеттік басқару саласындағы сарапшылар қатысты.