«Бүгін облысымыздың құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті журналисі, Мағжантанушы, қоғам қайраткері Жарасбай Қабдоллаұлы Сүлейменов құрметті еңбек демалысына шықты», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жарасбай Қабдоллаұлы журналистика саласының жаңа деңгейге шығуына көп үлесін қосты. Біраз жылдар бойы облысымыздың қара шаңырағы «Солтүстік Қазақстан» газетін басқарып, оның бастамасымен «Қызылжар нұры» газеті және «Мағжан» республикалық журналы жарық көрді.
Жарасбай Сүлейменов Мәжіліс депутаты ретінде Парламент қабырғасында өзекті мәселелерді көтерді. Қазір облыстық қоғамдық кеңесті басқарып отыр.
«Алдағы уақытта да өңірдің қоғамдық-саяси және мәдени өміріне белсене араласып, жемісті еңбек ететініне сенімдімін», — деді өңір басшысы.