Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақаловпен телефон арқылы сөйлестi.
Әңгiме барысында iндетпен күрес, өңiрдегi санитарлы-эпидемиологиялық жағдай және карантиндiк шаралардың жүзеге асуы сөз болды.
Сондай-ақ азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету бойынша Президент тапсырмаларының орындалуы, көктемгi егiс жұмыстарына дайындық және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы да талқыланды.