Экономикадағы қиын жағдайға қарамастан облыста тың өзгерiстер орын алмақ. Жыл басында облыс бюджетi 262 млрд.тг болса, қазiр 298 млрд.теңгеге жеттi.
377 нысан жөнделмек, 187 ауыл қамтылады. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жөндеу жұмыстарын 2 аптадан кейiн бастауға тапсырма бердi.
«Мектептердi жөндеуге бөлiнетiн қаржы 3 млрд.теңгеден 5 млрд.теңгеге дейiн өстi. 100 мектеп жаңармақ. Жыл басында 60 қана едi», — дедi Құмар Ақсақалов.
270 мың шаршы метр баспана беру көзделген. Береке ықшам ауданында жаңа емхана салынады. 23 аурухана мен амбулатория жөнделедi. 39 млрд.тг жолдарды жөндеуге бағытталады. 76 ауылда су жүйесi жаңғыртылады.