СҚО-да биг бег өндiрiсi қолға алынуда

СҚО-да биг бег өндiрiсi қолға алынуда

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов үлкен жұмсақ қаптар немесе биг бег деп аталатын өндiрiстiң жұмысымен танысты.

Өңiрде бос тұрған ғимараттарды қалпына келтiру жұмысы жалғасуда. Инвесторлар 3 ғимаратты алды, бiреуi дайын, екеуi жөнделуде. Мұнда биг бег өндiрiсi жолға қойылуда. Кәсiпорын жылына 1,5 млн дана шығармақ.

Инвестиция көлемi — 600 млн.тг. 135 адам жұмыспен қамтылады. Облыста мұндай өндiрiс болған емес. Елде бiрнешеуi жұмыс iстеуде.

Жалпы облыста 42 инвест жоба бар. Жалпы сомасы 527 млрд. тг. Оның iшiнде 27 жоба жүзеге асуда. Барлығы 3,6 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Бұл жобалар қиын кезеңде өңiр экономикасына үлкен демеу болады.