Облыс әкімі Мамлют ауданына барды

Облыс әкімі Мамлют ауданына барды

Облыс басшысы Айдарбек Сапаров Мамлют ауданында болып, «Андреевка – Новомихайловка» жолының жөнделуін және көктемгі егістің барысын тексеріп, диқандармен кездесті.

«Асхат-Агро» серіктестігінде жылқыға арналған сауын залы көрсетілді.

«Мұндай нысандарды көптеп ашу қажет. Облысымызда қымыз өндірісі нашар дамыған. Өнім солтүстікқазақстандықтар арасында сұранысқа ие. Болашағы зор кәсіптің бірі», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өңір басшысы Андреевка ауылының тұрғындарымен де кездесті. Ауыл тұрғындары әлсіз интернет және кадр тапшылығы мәселелерін көтерді. Облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына бұл сұрақтарды шешуді тапсырды. Сонымен қатар, жергілікті серіктестік басшыларының есептері тыңдалды. Диқандар өздері жұмыс істейтін ауылдарды қолдап, егіс алқабында еңбек етіп жүрген жұмысшыларға әрдайым қолдау көрсету қажет.