
Бұл жайында өз парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi.
«Бүгiн бiрiншi қалалық аурухананың жан сақтау бөлiмшесiне бардым. 10 орын дайындалды, өкпеге жасанды вентилиция жасайтын 10 аппарат қойылды. Жуырда осындай жаңа 5 аппарат алдық. Барлығы облыс бойынша 74 аппарат бар.
Өңiрде қатты ауырғандар жоқ. Бүгiн бiрiншi науқас емделiп, үйiне барады.
Бiздiң дәрiгерлер үлкен жұмыс атқаруда. Оларға алғысымды бiлдiремiн. Бүгiнде дәрiгерлер ешкiммен байланыс жасамайды. Олар бөлек қонақ үйде тұрып жатыр, барлық жағдай жасалған», — деп жазды Құмар Ақсақалов.