Бұл жайында шұғыл брифинг барысында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi. Петропавл карантинге сәуiрдiң 3 күнi 00.00 сағатта жабылады.
«Петропавлда қоғамдық көлiк тоқтайды. Барлық кәсiпорындар мен ұйымдар жұмыс iстемейдi. Тек азық-түлiк дүкендерi мен дәрiханалар 10.00 ден 18.00 дейiн iстейдi», — дедi Құмар Ақсақалов.
Еш қажетсiз көшеге шыққан жағдайда 26 мың теңге айыппұл немесе 5 тәулiкке қамалады.