
СҚО әкiмдiгiнiң отырысында бүгiн түнде енгiзiлетiн шектеу шаралары талқыланды.
Адамдар үйлерiнде отыру керек, тек жұмысқа, азық-түлiк алуға дүкенге және дәрiханаға бара алады. Жеке бас куәлiгi мен жұмыстан анықтама болуы тиiс.
«Түнгi уақытта Петропавлға кiру және шығуға тыйым салынады. Азық-түлiк тауарларын, дәрiлер мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн әкелуге тыйым салынбайды. Тек азық-түлiк дүкендерi мен супермаркеттер, дәрiханалар жұмыс iстейдi. Қалғандары өз қызметтерiн тоқтатады. Құрылыс материалдары мен автобөлшек сататын нысандар жұмыс iстей алады», — дедi Құмар Ақсақалов.
Тамақтану нысандары жұмыс iстемейдi, олар тағамды жеткiзумен айналысу керек.
Такси машинасына екi адамнан артық отыруға болмайды. Жүргiзушi мен жолаушылар маска тағуы тиiс.