Солтүстiк Қазақстанда 800 нысан жөнделедi

Солтүстiк Қазақстанда 800 нысан жөнделедi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов брифинг барысында өңiрдегi жағдай және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Бүгiнгi таңда Төтенше жағдайды бұзған жеке кәсiпкерлер жауапқа тартылған.

«Тәртiпке бағынбаса, бiз қоғамдық орынды жауып тастай аламыз. Бүгiнде мұндай фактiлер баршылық. 17 дәмхана, бар және компьютерлi клубтардың иелерi 5 пен 10 тәулiкке қамалды», — дедi Құмар Ақсақалов.

«Тайга» сауда орнында санитарлық талаптар орындалмаған. Қазiр санитайзерлер орнатылып, қызметкерлерге маскалар үлестiрiлуде. Егер жағдай қайталанса, сауда орнының иесi әкiмшiлiк қамауға алынады.

Облыс әкiмi «Еңбекпен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстар туралы да айтты.

«Бюджеттiк қаржыдан бөлек бағдарлама аясында жөндеуге 32 млрд бөлiнедi. Бұл мектептер, ауруханалар, су және жол инфрақұрылымы. Барлығы 800 нысан жөнделедi. 8 мың өңiр тұрғыны жұмысқа тартылады», — дедi Құмар Ақсақалов.