
CҚО әкiмi Құмар Ақсақалов онлайн брифинг барысында өңiрдегi ахуал туралы айтты.
Қазiр облыста коронавирус тiркелмеген. Шетелден келгендер карантинға жiберiледi. Санитарлы және дезинфекциялы шаралар күшейтiлдi.
Өңiрде кәсiпорындардың жұмысы маска шығаруға өзгертiлiп, өндiру басталды. Тұрмыстық химия фабрикасы антибактериалды сабын шығара бастады. Оған қоса, дезинфекциялық заттарды шығару қолға алынды.
Облыс әкiмi өңiр тұрғындарын басқа аймақтарға сапарға шықпауға шақырды.
«Солтүстiкқазақстандықтарды басқа өңiрлерге бармауға шақырамын. Ауылдардан аудан орталығына және қалаға келмеуге кеңес беремiн. Өңiрде азық түлiк қоры жеткiлiктi. Көп көлемде тауарлар алудың қажеттiлiгi жоқ», — дедi Құмар Ақсақалов.