
СҚО әкiмдiгiнде Шұғыл әрекет ету штабының отырысы өттi. Жиында коронавирустың таралуына жол бермеу шараларының iске асуы талқыланды. Осы күнге дейiн облыста бiрде-бiр факт тiркелмеген.
Университет пен колледждер қашықтық оқуға көшсе, оқушылар демалысқа кеттi. Мұғалiмдер де қашықтан жұмыс iстей алады.
«Үлкен сауда орындары және ойын-сауық орталықтары 10.00 ден 18.00, киiм базарлары 11.00 ден 17.00 жұмыс жасайды. Қоғамдық тамақтану орындары 22.00 дейiн iстейдi, 50 адамға дейiн ғана қабылдай алады. Азық-түлiк супермаркеттерi мен дүкендерi қалыпты режимде жұмыс жасайды», — дедi Құмар Ақсақалов.
Қоғамдық көлiк те бұрынғы қалыпта қызмет етуде, санитарлы-дезинцекциялы бақылау күшейдi.