СҚО әкімі Айдарбек Сапаров жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлері Қожатай Сейтахметұлы Некібаев пен Валентина Архиповна Волкодавтың шаңырақтарына барды. Ардагерлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, бүгінгі ұрпақтың атынан алғысын білдірді. Әңгіме барысында олар Жеңістің қалай келгенін айтып берді.
Қарияларымыз майданда сұрапыл сынақтардан өтті, соғыстан кейін еліміздің экономикасын қалпына келтіруге үлес қосты. Батырларымыз жастарды азаматтық пен отансүйгіштікке, бейбітшілікті сақтауға үйретіп келеді.
"Қазір облыста 7 соғыс ардагері қалды, оның алтауы облыс орталығында тұрады. Өңір басшысы ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.