СҚО әкімі мен депутаттар желілерді тарту және үйлерді абаттандыру жұмыстарын тексерді

СҚО әкімі мен депутаттар желілерді тарту және үйлерді абаттандыру жұмыстарын тексерді

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров әр партиядан жиналған облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесе отырып, Горький және Порфирьев көшелерінің бойындағы жаңа үйлерге инженерлік желілерді тарту және абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді.

Аймақ басшысы көпқабатты үйлер аумағындағы абаттандыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ, Айдарбек Сапаров қала әкіміне биылдан бастап үй салу және инженерлік желілерді тарту жобаларын бөлмеуді тапсырды. Бұл жаңа көпқабатты үйлерді пайдалануға беру процесін жылдамдатады.

Бұдан кейін СҚО әкімі мен депутаттар «Жас өркен» шағын ауданындағы жаңа емхананың құрылыс алаңында болды. Қазір сыртқы жұмыстар жүргізілуде, сылақ жұмыстары аяқталып, едендер құйылып, әрлеу жұмыстары басталып жатыр.

Облыс әкімі алда ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын, сондықтан жұмысшылар санын 2 есеге, 200 адамға дейін көбейтуді тапсырды.

Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың маусым айының ортасына дейін аяқталуы тиіс.