
Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен егіс науқанына дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.
Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласын сапалы, жаңа даму деңгейіне шығару басты міндет екенін атап өтті.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогрес жағдайында диқандар өз жұмысының төмен нәтижелеріне қанағаттанбау керек. Бүгінгі таңда көптеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері генетикалық әлеуеті төмен тұқымдарды сеуіп, экстенсивті және ескірген технологияларды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде. Өсімдік шаруашылығының әлемдік тәжірибесі асыл тұқымды жетілдіру, жоғары өнімді жаңа сорттар жасау, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, ресурс үнемдейтін технологияларды және сараланған тәсілдерді енгізу арқылы жоғары нәтиже көрсетіп отыр.
«Мемлекет басшысы көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу міндетін қойды. Мемлекет шаруалар алдындағы барлық міндеттемелерін орындады. Барлық қажетті қаржылық қолдау шаралары жүргізілуде. Бүгінгі таңда облыс көктемгі дала жұмыстарына 100 пайыз дайын. Бүгінгі отырыстың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына, аудан әкімдеріне облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарымен бірлесіп көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық шараларды сақтай отырып, көктемгі егіс алқаптарының талаптарын ескере отырып өткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Бүгінгі семинарда айтылған ғылыми ұсыныстар, топырақтағы ылғал қорын сақтау шараларын қабылдау, сапалы тұқым себу, ауылшаруашылық техникасын жаңарту, минералды тыңайтқыштарды енгізу және қорғау шараларын уақытында жүргізу керек. Егіс алқаптарының құрылымын сақтауды қамтамасыз ету, әртараптандыру қарқынын сақтау және нарықты толық қанықтыру мақсатында картоп, көкөніс және қарақұмық алқаптарын ұлғайту қажет. Өңір диқандарына ауа райы қолайлы болып, көктемгі дала жұмыстары ойдағыдай өтіп, мол өнім алуына тілектеспін», – деді аймақ басшысы Айдарбек Сапаров.