СҚО әкімі Есіл және Қызылжар аудандарында болды

СҚО әкімі Есіл және Қызылжар аудандарында болды

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Есіл және Қызылжар аудандарында болып, оның барысында әлеуметтік нысандарды аралады. Облыс басшысы Волошинка және Новокаменка ауылдарында тұрғындармен кездесіп, су желісі мен жолдарды жөндеу, ауыл шаруашылығын дамыту, халықты жұмыспен қамту, шағын несие беру және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру сынды өзекті мәселелер талқыланды. Барлық сауалдар бақылауға алынды.