СҚО әкімі «Қызылжар СК» клубының футболшыларымен кездесті

СҚО әкімі «Қызылжар СК» клубының футболшыларымен кездесті

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жергілікті «Қызылжар СК» клубының футболшыларымен кездесті.

Команда Премьер-лига ойындарын сәтті бастады. Облыста балалар футболына, клубтың жастаржәне негізгі командасына барлық жағдай жасалған. Сондықтан жанкүйерлер біздің командадан тек жеңістер мен маусымның сәтті аяқталауын  күтеді деді облыс басшысы.

Облыста спорттық инфрақұрылым жақсаруда. «Қарасай» стадионын қайта жаңғырту басталды. Жылу және суару жүйесі бар жаңа футбол алаңы, жарықтандыру, электронды табло, дыбыстық аппаратура қойылады.

Өткен жылы «Жастар» стадионына жаңа жасанды төсеніш төселді. Сондай-ақ биыл жабық футбол манежінің  де алаңы ауыстырылды.