Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Облыс әкімі өтініш берушілерді 11 мәселе бойынша қабылдады. Тұрғындар жерді пайдалану, инвестиция тарту, жеке шаруашылықтарды дамыту, жайылымдық жерлерге қатысты мәселелер мен ұсыныстарын айтты. Аймақ басшысы мәселелерді шешуді тиісті басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне тапсырды.