Сегізінші шақырылымдағы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының алғашқы сессиясына облыс әкімі Айдарбек Сапаров қатысты. Жиынды ашқан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев сегізінші шақырылымның 30 депутатына куәліктер мен төсбелгілерді табыстады.
Атап өткен жөн, облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы пропорционалды-мажоритарлық жүйе бойынша құрылды:
15 депутат бірмандаттық округтерден сайланды.
Және партиялық тізімдер бойынша 15 депутат, яғни, «AMANAT» партиясынан — 9, «Ауыл» партиясынан — 2, «Respublica» партиясынан — 1, «Ақ жол» партиясынан — 3 депутат сайланды.
Сессия барысында облыстық мәслихаттың төрағасы сайланды. Бұл қызметке ұсынылған Владимир Бубенконың кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады.